Іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 79 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабы 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Іркіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайын қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тiзбесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.