Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 260 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 36) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 22-тармағы төртінші бөлігінің 68) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.