«Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 599 бұйрығы (күші жойылды)

«Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 599 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 109 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6386 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 25 тамызда № 224 (26285) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Зияткерлік меншік объектілері Кодексінің 439-бабымен бекітілген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) шешім қабылдағаннан кейін ЗМО кедендік тізілімге енгізуге жатады.»;

4-тармақта:

төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«тауардың атауы, қорғау құжатына сәйкес, тауарлардың және қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша тауарлардың классы, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша бірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлар коды;»;

тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.