«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияны құру туралы « Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 6/263 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 6/263 Қаулысы

 

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 72/555 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 41-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, «Қазақстан Республикасының Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 9/2 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия осы қаулыға қосымшаға сай құрамда құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияны құру туралы» 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2011 жылғы 7 ақпандағы № 17/25 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3.Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.