Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 7 ақпандағы № 17/25 Қаулысы
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 6/263 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөнінде лингвистикалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның құрамы (бұдан әрі - лингвистикалық комиссияның құрамы) осы қаулыға қосымшаға сай редакцияда жазылсын.
2. Лингвистикалық комиссияның құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға | Қ. Тұрғанқұлов |
Хатшы | Б. Мелдешов |
Орталық сайлау комиссиясының
2011 жылғы 7 ақпандағы № 17/25
қаулысына қосымша