«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығы (2025.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығы

(2025.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Патронаттық тәрбие туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Сәрінжіпов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 16 қаңтардағы

№ 14 бұйрығымен

бекітілген



Патронаттық тәрбие туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Патронаттық тәрбие туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген.

2. Патронат нысанындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірілген кәмелетке толмаған балаларға (бұдан әрі - бала (балалар)) белгіленеді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.