Мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) және жетонының, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгілерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 942 бұйрығы
(2013.02.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы 131-бабының 3-тармағына сәйкес, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы жетонының үлгісі;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізу жүйесі эмблемасының үлгісі.
2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.