«Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығы (2021.11.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 155 бұйрығы

(2021.11.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ең озық қолжетімді технологиялар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылық министрі

А. Мамытбеков

31 желтоқсан 2014 жыл

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

23 желтоқсан 2014 жыл

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

Е.Досаев

18 желтоқсан 2014 жыл

 

ҚР Энергетика министрінің 2015.21.09. № 571 бұйрығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021.11.01. № 2 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2014 жылғы 28 қарашадағы  

№ 155 бұйрығымен бекітілді

 

 

Ең озық қолжетімді технологиялар

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.