«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 211 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің м.а. 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 287 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 723 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы туралы ереженің 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 211 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Р. Мусиновқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.