«Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығы (2016.25.01. берілген өзгерістермен)

Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 549 бұйрығы

(2016.25.01. берілген өзгерістермен)

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы

2014 жылғы 31 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 549 бұйрығымен бекітілген

 

 

Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен
оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) білім беру ұйымдарында студенттер және оқушылар лигаларын қалыптастыру тәртібін, студенттер мен оқушылар лигалары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.

2. Осы қағидаларда келесі негізгі түсініктер пайланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.