Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.