«Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығы (2015.21.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Еңбек және халықтың жұмыспен қамтылуы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 71 бұйрығы

(2015.21.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 282 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) «Еңбек бойынша есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1211101, индексі 1-Е, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Еңбек бойынша есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1211101, индексі 1-Е, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 1941110, индексі 1-Т (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

4) «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 1941110, индексі 1-Т (бос жұмыс орны), кезеңділігі жылына бір рет) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.