«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 18-05/22 бұйрығы (күші жойылды)

Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 18-05/22 бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен күші жойылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 18-05/22 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын

талаптар

 

1. Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына (бұдан әрі - БҚҚ) мынадай талаптар қойылады:

1) осы Талаптардың 1-қосымшасында келтірілген БҚҚ тиімділік есебіне сәйкес анықталатын денесінің ұзындығы 12 миллиметрден асатын шабақ үшін БҚҚ тиімділік коэффициенті 70 %-дан кем болмауы тиіс;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.