Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығы
(2014.30.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті органдардың мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті (Н.А. Аязбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізеді.