«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 30 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 30 бұйрығы

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 103 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі қағидалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысы А.А. Шайымоваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Қ. Қожамжаров

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

агенттігі Төрағасының 2015 жылғы

30 қаңтардағы № 30 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының
қызметкерлеріне кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу жөніндегі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.