Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/52 бұйрығы
(2025.22.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.05.06. № 151 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.