Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 94 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.