Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 845 бұйрығы
(2015.06.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жанындағы қамқоршылық кеңес туралы ереже бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.06.02. № 93 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.06.02. № 93 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.