Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы
(2015.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.