«Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 637 бұйрығы

«Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 637 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекiтілген Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнында:

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары паналайтын жерлер үшін паналаушыларды ауа соққысы толқынының шебінде ∆Pф=100 кПа (1 кгс/см2) артық қысымның (∆Pф - ауа соққысы толқынының шебіндегі артық қысым) әсерінен қорғауды қамтамасыз етуді және 1000-ға тең қоршау конструкцияларынан (А) өтетін радиацияны әлсірету дәрежесінің болуын көздейді.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.