«Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 917 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 1032 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 917 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19620 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5) тармақшасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесінде:
«Ұшу шектелген аймақтар» деген 2-тарауда:
2-кестеде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«