«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 105-ө Өкімі

«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 105-ө Өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған қабылдануы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, жинақтасын және айдың 5-і күнінен кешіктірмей, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2024 жылғы 29 шілдедегі

№ 105-ө өкімімен

бекітілген

 

 

Қабылдануы «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы»

Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің

тізбесі

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.