(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НАРЫҚ СУБЪЕКТІСІНІҢ ӘРЕКЕТТЕРІНДЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНДЕ...

Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарламаны және оның нысанын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығы

(2017.25.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.25.05. № 215 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.25.05. № 215 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру қағидалары және оның нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама берудің хабарлама нысаны және оның нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.