«Жас ғалымдарға пәтер бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 66 бұйрығы (күші жойылды)

«Жас ғалымдарға пәтер бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 66 бұйрығы

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 қазандағы № 482 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жас ғалымдарға пәтер бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 28 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

5-тармақ алып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекет қатысатын ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына жас ғалымдарды іріктеудің талаптарға сәйкестігін ескере отырып, оларды тиісті түрде таңдауға, сондай-ақ осы ұйымдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың хаттамалық шешімімен бекітілуін қамтамасыз етуге дербес жауапкершілік жүктелсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет қатысатын ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарға пәтерлерді бөлу жөніндегі комиссиясының құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Мемлекет қатысатын ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарға пәтерлерді бөлу жөніндегі комиссиясының ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрі

 

С. Нұрбек

 

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.