«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 536 Қаулысы

«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 536 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметшілердің, дипломатиялық қызмет персоналының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 және 15-2-баптарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Өзге мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары;»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 1 шiлдедегi

№ 536 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы 17 қарашадағы

№ 755 қаулысымен

Бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.