(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА,...

Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы

(2018.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.25.02. № 61 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.04.09. № 441 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;

6) - 8) тармақшалар 2019 ж. 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптар үшін, 2020 ж. 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптар үшін, 2021 ж. 1 қыркүйектен бастап 2-сыныптар үшін қолданысқа енгізіледі

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.