Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 138 бұйрығы
(2024.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 4 маусымдағы № 283 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2024.18.04. № 220 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2024.18.04. № 220 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 225-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2024.18.04. № 220 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторингжүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.