Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 138 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 225-5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру міндеттемеге мониторингті және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеуді атқару Қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.