Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындаған кезде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесін және жасына байланысты бір жылдық жұмыс үшін зейнетақы төлемдерін тағайындан кезде толық маусым ішінде істеген жұмысы жеңілдікті еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 524 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 208-бабы 2-тармағының 8) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындаған кезде еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі;
2) жасына байланысты бір жылдық жұмыс үшін зейнетақы төлемдерін тағайындан кезде толық маусым ішінде істеген жұмысы жеңілдікті еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсіптің маусымдық салаларының тізімі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.