«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша cақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 282-НҚ бұйрығы

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша cақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 282-НҚ бұйрығы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша cақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Активтер және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу

және дамыту агенттігі

 

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрінің

2025 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 282-НҚ бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.