«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 256 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 256 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10285 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адам органға мынадай құжаттарды:

1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша патронаттық тәрбиеші болу және ақшалай қаражат төлеуді тағайындау туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш);

2) тұлғаны куәландыру құжатын (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) егер патронат тәрбиешi болуға тiлек бiлдiрген адам некеде тұрса, зайыбының (жұбайының) нотариалды куәландырылған келiсiмiн;

4) егер некеде тұрса, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесін;

5) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмесін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.