«Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 180 бұйрығы (күші жойылды)

Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 180 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен 2016 ж. 1 қаңтарынан бастап күші жойылды

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Министр

Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 18 наурыздағы

№ 180 бұйрығымен бекітілген

 

 

Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың
нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің

тізбесі

 

1. Тауарлар;

2. Көрсетiлетiн қызметтер, оның ішінде:

1) аңшылықпен, кәсiпшілікпен және жабайы құс өсірумен байланысты қызметтерден басқа, ауыл шаруашылығындағы және аңшылықтағы қызметтер;

2) орман өсiру және ағаш дайындау үшiн көрсетiлетiн қызметтер;

3) балық аулауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер;

4) шикi мұнай және табиғи газ, iздестiру жұмыстарынан басқа, өндiру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.