(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚТЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АУЫЗ СУМЕН ЖӘНЕ ШАРУАШ...

Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 бұйрығы

(2015.25.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.25.12. № 19-1/1122 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.25.12. № 19-1/1122 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне жеке және заңды тұлғаларға берілетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қорытындысын тіркеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (И.А. Әбішев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. «Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтыған кезде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су нысандарын тіркеу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 тіркелген, 2006 жылы 2 маусымда № 99-100 (906) «Заң газеті» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы № 29 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.