Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса ұсынылған Жеке және заңды тұлғаларға халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын жерүсті және жерасты су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін қорытындыны тіркеу қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті (И.А. Әбішев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтыған кезде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су нысандарын тіркеу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4124 тіркелген, 2006 жылы 2 маусымда № 99-100 (906) «Заң газеті» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы № 29 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі М.Е. Толыбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министр | А. Мамытбеков |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 18 сәуірдегі № 19-02/183
бұйрығымен бекітілген