Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес таңбалануға жататын тауарлар тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 568 қаулысына
қосымша
Таңбалануға жататын тауарлар тізбесі