«Тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы № 114 бұйрығы
ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10235 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы үшінші бөлімінің 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.