«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 52/04 қаулысымен бекітілді) (2019.22.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019.22.10. № 59/04 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы 9 қыркүйектегі

№ 52/04 қаулысымен

бекітілді

 

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 47/02 Қаулысымен күші жойылды

 

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.22.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия, лицензияны қайта рәсімдеу, не Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Туризм саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 болып тіркелген) бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.