Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдардың және өзге де объектілердің тізбесінен магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін енгізу және алып тастау қағидалары
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 319 бұйрығы
(2026.17.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Көлік министрінің м.а. 2026.02.02. № 19 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағының 19-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Магистральдық теміржол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті магистральдық, станциялық жолдардың және өзге де объектілердің тізбесінен магистральдық, станциялық жолдарды және магистральдық теміржол желісінің өзге де объектілерін енгізу және алып тастау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
20__ жылғы «__»_________
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 319 бұйрығымен бекітілген