«Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-11/529 Қаулысы (күші жойылды)

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-11/529 Қаулысы

 

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № А-6/248 Қаулысымен күші жойылды

 

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген), облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бекітілсін:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) субсидиялардың нормалары;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды жеткізушіден немесе шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) субсидиялардың нормалары.

2. «Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № А-6/227 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 болып тіркелген, «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.

4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі

С. Кулагин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.