Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 532 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қарашадағы № 119 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау ережелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а |
Т. Жақсылықов |
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 532 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 119 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)