«Сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 280 бұйрығы

Сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 280 бұйрығы

 

«Азаматтық қорғау туралы» Заңның 12-бабының 1-тармағының 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2025 жылғы 2025 жылғы 17 шілдедегі

№ 280 бұйрығымен бекітілген

 

 

Сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында сейсмологиялық мониторингті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Қағидалар жер сілкіністерін уақтылы анықтау және сейсмикалық қауіптілікті бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының сейсмикалық белсенді өңірлерінің сейсмикалық белсенділігін байқау тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.