Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығы
(2016.10.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет - ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 278 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9542 тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Досаев |
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 44 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау
нормативтері
1. Жалпы ережелер