(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖӘНЕ ...

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 қарашадағы № 110/604 Қаулысы

 

Осы редакция 2022 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 2, 2-2) тармақшаларына, 21-бабының 1, 4-тармақтарына және 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 22 қарашадағы

№ 110/604 қаулысына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша

сайлау округтерін құру тәртібі

1. Осы тәртіп «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау округтерінің жүйесі құрылады және пайдаланылады.

3. Пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.