«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 801 Қаулысы
(2014.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 150-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2014.09.12. № 1283 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.