Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 382 бұйрығы
(2023.14.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.29.06. № 186 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.