(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҚТ...

Мемлекеттік органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 347 Қаулысы

(2016.27.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

 

ҚР Үкіметінің 2014.16.10. № 1098 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.27.10. № 628 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 13 сәуірдегi

№ 347 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және

техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын

басқару орталықтарының

ТIЗБЕСI

 

Мыналар мемлекеттік органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтары болып табылады:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Байланысты басқару пунктi.

2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ақпараттық-техникалық қызмет департаментi.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ақпаратты қорғау және жұмылдыру жұмысы бөлiмi.

4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Ақпараттандыру мен инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаментi ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлiмi.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.