«Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі және мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 59 бұйрығы

Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі және мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 59 бұйрығы

 

«Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2023 жылғы 7 наурыздан бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

министрі

 

 

З. Сулейменова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи

ресурстар министрі

2023 жылғы 23 ақпандағы

№ 59 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік кадастрын жүргізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.