Бесқарағай ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 4 «Бесқарағай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 3 шешімі
ШЕШТІМ:
1. Бесқарағай ауданы әкімінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 4 «Бесқарағай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-7-146 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Абай облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Бесқарағай ауданының әкімі | Т. Муратов |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Бесқарағай ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 3 шешімге
қосымша
Бесқарағай ауданы бойынша сайлау учаскелері
№ 254 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: «Абай облысы Бесқарағай ауданының аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ауылдық клубының ғимараты, Қарағайлы ауылы, М. Әуезов көшесі.
Шекаралар: Қарағайлы ауылы.
№ 255 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: «Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Башкөл негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Башкөл ауылы, Абай көшесі, 40.
Шекаралар: Башкөл ауылы.
№ 256 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің Бөкебай филиалының ғимараты, Бөкебай ауылы, Яблоневая көшесі.
Шекаралар: Бөкебай ауылы.