Табиғи монополиялар субектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 186 бұйрығы
(2015.24.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.