«Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 99-VIII шешімі

Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 99-VIII шешімі

 

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Атырау облыстық мәслихатының

2024 жылғы 26 маусымдағы

№ 99-VIII шешіміне қосымша

 

Атырау облыстық мәслихатының

2018 жылғы 16 наурыздағы

№ 199-VI шешімімен бекітілген

 

 

Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызметінің нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидалардың мақсаты елді мекендердегі аумақтардың кешенді және орнықты дамуына ықпал ететін қауіпсіз, жайлы, ыңғайлы, экологиялық қолайлы және тартымды қалалық орта құру болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.